Л.Павлова: Қазақстан халқы жаңа депутаттық корпустан өзгерістер күтеді

12 Ақпан, 2016 16:53
Қарапайым халық жаңартылған депутаттық корпустан қайырымды өзгерістер күтеді және келешекте дағдарысқа қарсы бағдарламаны тиімді іске асырады деп сенеді. Бұл жөнінде Көкшетау қ. дилерлік сату маманы Лидия Павлова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Соңғы кездері қазақстандық қоғам мен БАҚ өкілдері ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат сайлауын белсенді талқылады. Мемлекет басшысы халық алдында сөз сөйлеп, бірыңғай шешім қабылдады»,-деді ол.

«Бүгіндері халық ақшаларын үнемдеуде, өздерін кейбір заттардан шектеп отырады, ал бұл сауданы сату көлеміне кері әсерін береді.  Дегенмен халық тарапынан күйзеліске түскен хәлді сезгенім жоқ, олар болып жатқан жағдайға түсіністікпен қарайды. Бұндай жағдайда халық жақсылыққа үміттенеді оның бірі өкілетті органдардың алдағы 20 наурыз болатын сайлауы. Елбасының халыққа үндеуінде «Бүгінде бұл үздіксіз кез келген жаһандық сын-қатерлерге жүйелі және белсенді жауап беріп, тиісті шешім қабылдау маңызбы болып келеді» деп айтып өтті. Қарапайым халық жаңартылған депутаттық корпусты күтуде. Ұлт көшбасшысы дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру жұмыстарын жалғасырады деп сенемін»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік,13 қаңтар ҚР Парламент Мәжілісі 5 шақырылым депутаттарын таратып Парламент пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туарлы бастамасын айтты.  Мемлекет басшысы 20 қаңтардаV шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар