• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Иранға 2016 жылы 2 млн доллар сомасында трансформаторлар экспорттайды

Қазақстан Иранға 2016 жылы 2 млн доллар сомасында трансформаторлар экспорттайды

12 Ақпан, 2016 16:21
«Бәйтерек» холдингінің «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысаты «Alageum Electric» компаниясы 2016 жылы Иранға $2 млн сомасына трансформаторлар экспорттайды.

Бұдан басқа, компания Niroo Тransfo ирандық компаниясымен бірлесіп, Қазақстан аумағында трансформаторлық май өндіру зауытын салу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді. Осы келісімдер «Бәйтерек» холдингі Тегеранда ұйымдастырған қазақстандық-ирандық форум барысында жасалды.  

«Тегеранда бизнес-форум алаңдарында өткізілген келіссөздер нәтижесінде біздің «ұлттық чемпион» - «Alageum Electric» компаниясы Иранға трансформатор экспортын реттеуді жоспарлар отыр. Тауар жылына осындай өнімнің 10 мың бірлігін шығаратын Орал трансформатор зауытынан жеткізіледі. «Alageum Electric» ирандық әріптестерімен 2016 жылға арналған алғашқы келісімшартты 2 млн. доллары сомасына қол қояды. Бұдан басқа, Шымкентте трансформаторлық май өндіретін бірлескен заутты құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы күнге дейін ол Ресейден сатып алынатын», - деді жұма күні Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференцисында «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Ерсайын Хамитов.

Бұған дейін хабарланғандай, форум және Іскерлік кеңес жұмысына 200-ден астам қазақстандық компания, ирандық тараптан – 700-ден астам компания өкілдері қатысты.

Форумның қорытындылары бойынша ирандық әріптестермен бірқатар ынтымақтастық туралы  келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, қазақстандық «Meat processing service» компаниясы мен «Мұхаммед Халигри» ЖШС арасында 30 млн. доллары сомасына қазақстандық етті экспорттау туралы келісімге қол қойылды.  


 

Барлық жаңалықтар