• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтар Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау – бұл уақыт талабы деп есептейді

Қазақстандықтар Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау – бұл уақыт талабы деп есептейді

9 Ақпан, 2016 15:45
Биылғы жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысы ҚР Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымын уақытынан бұрын тарату туралы және кезектен тыс төменгі палата депутаттарын сайлау жөніндегі Жарлыққа қол қойған болатын. Strategy2050.kz ақпарат агенттігі қазақстандықтардың кезектен тыс сайлау өткізу туралы не ойлайтындары жөнінде сауалнама жүргізген болатын.

Ақмола облысы Ерейментау ауданына қарасты Ақмырза ауылының медицина қызметкері Күмісай Айтжанова

- Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға жаңадан келген азаматтар бірінші кзекте заң қабылдаған уақытта қатардағы халықты ойлаулары керек, деп есептеймін. Облыс, қала және аудандардағы мәслихаттағылар бюджет қаражатының шығындарын жіті бақылаулары қажет.

Қостанай қаласындағы шағын орталық тәрбиешісі Бақытжамал Ажығалиева

- Кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу қазіргі қиын кезеңде еліміздің дамуына ойдағыдай үлес қосатын науқан болады, деп есептеймін. Сайлау өткізу – бұл бүгінгі күннің талабы. Елбасының бастамасымен құрылған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда Парламентке жаңадан келген азаматтар – халық арасынан шыққан азаматтар аймақтарда қандай проблема бар екенін жақсы біледі.

Лисаковск қаласының медицина қызметкері Кенжетай Стыбаев

  -Мемлекет басшысы жақындап келе жатқан әлемдік дағдарысты өзінің Нұрлы жол – болашаққа бастар жол атты Жолдауында-ақ айтқан болатын. Бүгінгі кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өзгерісі дағдарыстың алдын алудағы шаралардың ажырамас бөлшегі. Менің ойымша, қазіргі дағдарыс уақытында бәрі қалай өмір сүру керектігін және қалай жұмыс істеу керектігін біледі. Сондықтан, Парламентке жаңаша ойлайтын, мол тәжірибесі бар, не істеу керек екенін түйсінетін, ел экономикасын қалпына келтіруге себеп бола алатын азаматтар келулері керек, деп есептейді Кенжетай Стыбаев.

Қостанай мемлекеттік университетінің магистранты Жадыра Жолмұхаметова
- Кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депуттарын сайлау әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында өте қажет шара. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «амалдап өмір сүру керек». Меніңше, дағдарысқа өзіңнің мықтылығыңды көрсету мүмкіндігі деп қарау қажет. Барша қазақстандық жастарға болашаққа мақсатты түрде қарап, өзіміздің және еліміздің жақсы тұрмыс кешуіне қолдан келгеннің бәрін жасау керек. 

Еске сала кетейік, осы жылдың 20 наурызы күні Қазақстанда кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.
Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар