- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлан Нығматулин мен Джон Бэрд жан-жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нұрлан Нығматулин мен Джон Бэрд жан-жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
«Нұрлан Нығматулин Канада Қазақстанның маңызды саяси және экономикалық әріптесі екенін баса айта келіп, аталған елмен ұзақмерзімді және сындарлы қарым-қатынасты дамытудың қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолында біздің еліміздің сауда-экономикалық салада, инвестициялық әріптестік, ауылшаруашылығы, атомдық өнеркәсіп, сондай-ақ, инновация және «жасыл» технология бағыттарында ықпалдастықты күшейтуге ынталы екендігіне баса назар аударды», - делінген хабарламада.
Джон Бэрд өз кезегінде біздің еліміздің осы уақыттар ішінде жеткен жетістіктеріне назар аударып, өз таңданысын жасырмады. Сөзін сабақтай келіп:
«Бүкіл әлем Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін біледі. Сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау мәселесінде көшбасшы ретінде танымал», - деді.
Тараптар халықаралық деңгейдегі сұрақтар төңірегінде пікір алмаса келіп, Ауғанстандағы жағдайды реттеу және тұрақтылық орнату жайында да өз ойларын ортаға салды.
Парламентаралық, соның ішінде, екі палата арасында парламентаралық іс-қимылды нығайту жайы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, қос мемлекеттің парламенттерінде құрылған ынтымақтастық жөніндегі топтардың да өзіндік ықпалы зор болмақ.
Мәжіліс Төрағасы мен Канада Сыртқы Істер министрі алдағы уақытта да парламентаралық байланыспен қатар, казақстандық-канадалық қатынасты одан әрі жан-жақты тереңдетуге сенім білдірді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады