Қазақстан Иранға ет экспорттауға ниетті

12 Ақпан, 2016 15:36
Қазақстан Иранға ет экспорттауға ниетті, сонымен қатар бірлескен кәсіпорын қазақстандық мұнай жабдықтарын Иранға жеткізетін болады. Бұл жөнінде басқарушы директор, «Бәйтерек» холдинг басқармасының мүшесі Ерсайын Хамитов ОКҚ-да өткен басмпасөз-конференциясында айтып өтті.

«Қазақстан-Иран бизнес-форумына 100-нан астам адам қатысты. «Бәйтерек» холдингі шараның ұйымдастырушысы болды. «Бәйтерек» холдингі аясы мен ирандық  «Ghadir» холдингі аясында Қазақстанда тұрғын үй құрылысы саласында ынтымақтастық жасауға келісті. «Sadr Tamin Invest» компаниясы келіссөз барысында «Зерде керамика» компаниясының үлесін сатып алуға қызығушылық білдірді. Бұл қазақстанның инвестициясына қостымша түсім болады»,-деді Е.Хамитов.

Сонымен қатар, қазақстандық «Meat processing servise» компаниясы мен «Мохаммед Халигри» ЖШС арасында қазақстандық етті экспортқа шығару бойынша 30 млн доллар сомасы көлемінде келісімге қол қойылды. Одан басқа, қазақстандық «Топан» ЖШС мен ирандық «Электро кавир» компаниясы Иранға қазақстандық мұнай жабдықтарын жеткізу үшін бірлескен кәсіпорын ашу туралы келісімге келді.

 

Барлық жаңалықтар