• Басты
  • Жаңалықтар
  • Орталық сайлау комиссиясы «Бірлік» партиясының партиялық тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы «Бірлік» партиясының партиялық тізімін тіркеді

12 Ақпан, 2016 15:31
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Бірлік» Саяси Партиясының партиялық тізімін тіркеді.

«Бірлік» партиясының кандидаттар тізіміне 8 адам енген. Партиялық тізімге кірген кандидаттардың барлығы Конституция мен сайлау туралы заңға сәйкестігі тексерілді. ҚР ІІМ, Бас прокуратурасынан келген ресми хабармен сәйкестігі расталды. Кандидаттардың және олардың жұбайларының табыс пен мүліктері туралы декларацияны тапсырғаны туралы салық органынан анықтамасы бар. Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат Орталық сайлау комиссиясына түсті», - деді ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Сондай-ақ Ортсайлауком отырысында «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылданды.

Аталған қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының алғашқы 12 байқаушысы аккредиттелді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар