Ресейлік сарапшылар ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлау үдерісін талқылады

12 Ақпан, 2016 17:58
«Россия сегодня» агенттігінде «Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлау және қазақстандық-ресейлік ынтымақтастығының болашағы» атты тақырыппен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараны М.В.Ломоносов атындағы Кеңес Одағының бұрыңғы мүше елдерін зерттеу бойынша ақпараттық-талдау орталығы (ИАЦ МГУ) және «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің Зиновьев клубымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жетекші ресейлік сарапшылар мен саясаттанушылар ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауының себептерін және жаңа сайлау кезеңінің ерекшеліктерін талқылады, дауыс беру нәтижелерімен, Қазақстанда өтетін саяси үдерісінің даму болжамымен бөлісті, сондай-ақ қазіргі кездегі қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастарына өз бағаларын берді.

Дөңгелек үстел модераторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Ақпараттық-талдау орталығының бас директоры Сергей Рекеда РФ және ҚР парламенттік сайлаулары бір жылда өтетінін назарға ала отырып, Ресейдің Қазақстандағы сайлауға қызығушылық танытып жатқанын атап өтті. Осыған орай, саяси және экономика үдерістеріне ықпал ететін екіжақты парламентаралық байланыстардың маңызы зор, - деді сарапшы.

Өңірлік мәселелер институтының директоры Дмитрий Журавлев дәл қазір сайлаудың өтуі орынды екенін айтты. Өйткені күрделі экономикалық жағдай стратегиялық шешімдерді талап етеді. Д.Журавлевтың айтуынша, кезектен тыс сайлуды өткізу тәжірибесі тек Қазақстанда іске асырылмауда, себебі Ұлыбританияның соңғы 20 жыл бойы саяси дамуында кезектен тыс сайлаулар басқа елдермен салыстырғанда әлде қайда жие өткізілуде.

Оның пікірі бойынша, саяси жүйе саяси элита жаңарған жағдайда ілгері басады. «Қазіргі Қазақстандағы сайлау елдегі кадрлық құрамды жаңартудың жақсы мүмкіндігі. Бұл тұрақтылыққа зиянын тигізбейді, дегенмен ары қарай дамуға серпін береді», - деді ол.

«Север-Юг» саясаттану орталығының жетекші сарапшысы Александр Караваев Мәжіліс сайлауынан бөлек жергілікті билік органдарының- мәслихат сайлауы өтетінін, оған 3 395 адам сайланатынын еске салды.  Ол қазіргі сайлауды атқарушы биліктегі шенеуніктердің біліктілігіне сынақ жүргізу секілді депутаттық корпусты қайта аттестациялаудың баламасы ретінде салыстырып көрсетті. А.Караваевтың айтуы бойынша, жаңа Мәжіліс құрамына елді жаңғыртуға бағытталған ауқымды экономикалық реформаларды іске-асыру бойынша көптеген құжаттар топтамасын әзірлеп қабылдау қажет болады.

ЕАЭО Институтының директоры Владимир Лепехин Қазақстан ТМД кеңістігіндегі нақты жаңғыруды бастан кешіріп отырған жалғыз ел екенін айтты. «Бұл елде реформалар тәуелсіздікті алған кезден бастап тұрақты және жүйелі түрде өткізілуде. Сонымен де, көпұлтты елде саяси тұрақтылықты сақтап отыру және елді жан-жақты толық дамыту бойынша екі мақсатқа қатармен қол жеткізіп отыру, ол ТМД кеңістігіндегі мемлекет басшылары арасынан тек Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан келуде. Менің ойымша, басқа ТМД кеңістігінің елдері осы бағытта Астанадан үлгі алу керек», - ерекше атап өтті В.Лепехин.

«Нұр Отан» партиялық сайлау тізіміне белгілі әртістер мен спортсмендердің кіргеніне байланысты журналистердің қойылған сұрақтарына жауап бере отырып, бұл саяси тәжірибе әлемде кең пайдаланатын құрал екенін айтты.

Барлық жаңалықтар