• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Әшімбаев: Жаңартылған депутаттық корпус Қазақстанның заңнамалық жұмысына жаңа серпін береді

М.Әшімбаев: Жаңартылған депутаттық корпус Қазақстанның заңнамалық жұмысына жаңа серпін береді

12 Ақпан, 2016 15:18
Жаңартылған депутаттық корпус Қазақстанның заңнамалық жұмысына жаңа серпін әкеледі, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты Мәулен Әшімбаев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Мемлекет басшысы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында бес институционалды реформаны іске асыру бойынша тапсырмалар берді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша реформа айналасында қоғамның бірігуі мен  тиімді бақылауды қамтамасыз етуде халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Осыған орай, Мәжілісті тарату шешімі уақытылы жасалған деп есептеймін.  Парламент Мәжілісінің құрамы жаңартылып, Үкіметпен Елбасының реформасын іске асыру бойынша қойған тапсырмаларын орындалады. Сонымен қатар, жаңартылған депутаттық корпус Қазақстанның заңнамалық жұмысына жаңа серпін әкеледі»,-деді М.Әшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар