М.Бекмеев: Қазақстан жаңа реформалар мен мүмкіндіктер алдында тұр

12 Ақпан, 2016 14:47
Біздің ел жаңа мүмкініктер мен реформалар алдында тұр, қазір дамудың жаңа деңгейіне шығу үшін барлық мүмкіндікті қолдану қажет. Бұл туралы «Трансэнерго» АҚ директоры Мәжит Бекмеев Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Парламент депутатының V  шақырылым депутаттарын тарату туралы депутаттардың  бастамасы  мен Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауының  қабылдануын өте дұрыс шешім деп есептеймін. Бұл қадам өте орынды, себебі біздің ел жаңа реформалар мен мүмкіндіктер алдында тұр. Жаңа даму деңгейіне шығу үшін біз, барлық мүмкіндікті қолдануымыз керек», - деді ол.

М.Бекмеевтің айтуынша, қазір бәсеңдеуге уақыт жоқ, Қазақстанның  жылдам дамуы үшін барлық мүмкіндікті қолданып қалған жөн. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат сайлауын біріктірген өте орынды және тиімді.

«Мерзімінен бұрын сайлау қоғамның бірігуіне жол ашады. Өткен жылғы президенттік сайлауды  еске алсақ, шара Елбасы жанында қоғамның нығаюына ықпал еткен болатын. Сайлау ҚР заңнамасына сай өткізілді. Бұл азаматтардың саяси тұрақтылыққа жақын, атқарушы органдарға сенетіндігін байқатады», - деді депутат.

Индира Кауметова

 
 

Барлық жаңалықтар