- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жаңа зауыт жылына шамамен 1 млн тігін өнімдерін шығаратын болады
Астанада жаңа зауыт жылына шамамен 1 млн тігін өнімдерін шығаратын болады
«Индустриалды саябақта кәсіпорын 2 гектар жерді алып жатыр. Біздің кәсіпорын кешенінің жалпы аумағы шамамен 7000 құрылыс шаршы метрді құрайды. Аталмыш кешеннің құрылыс жұмыстарына заманауи технологияларды қолданамыз»,-деді «ЮТАРИЯ ltd» компаниялар тобының бас директоры Сәуле Шауенова Strategy2050.kz эксклюзивті сұхбат барысында айтып өтті.
Жобаның жалпы құны 1,715 млрд теңгені құрады, оның 250 млн теңгесі «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның арқасында алынған несие қаражаты.
«Бұл Бизнестің жол картасы бойынша іске асқан үшінші жоба. Біздің кепілдік ұзақ мерзімді серіктес және пайыздық ұтыста субсидиялау болып табылады»,-деді С.Шауенова.
«Сондай-ақ, компания біздің елімізде жеңіл өнеркәсіпке ұқсас кәсіпорындардың әзірлеу жөніндегі консалтингтік қызметтер тұрғысынан нарыққа қызмет ауқымын ұсынады. Біз қазақстанды Zoje әлемдік брендінде таныстырамыз. Оның тігін жабдықты мамандандырылған ресми дилерлеріміз. Біз серіктестік есептеу технологиялық ағындардың қамтамасыз етіп, өнімнің өндірісі үшін тігін жабдықтар атауын ұсынамыз. Кәсіпорын жоспарланған қуаты өндірісіне жеткеннен кейін тігін жабдықтың 500-ден астам түрлерін шығаратын болады және 700 мыңнан астам киім өнімдерінің түрлерін шығаратын болады»,-деді ол.
Кәсіпорын 400 –ден астам жаңа жұмыс орындарын құрады, көбіне әйелдерге. Кәсіпорында жаңа мамандықтар құрылды: тігін жабдықтарының оператор-құрастырушысы, тоқыма өндірісінің операторы, компьютерлі тігін жабдықтарының реттеушісі, автоматтандырылған өндірістің it-маманы. Сонымен қатар зауытта дуалды оқыту жүйесі болады.
«Бұл жерде жаңа келген мамандардың қайта оқыту мен дайындау жұмыстары атқарылатын болады. Кәсіпорында негізгі мамандықтардың бірі тігін мандығының операторы. Бүл жерде қазіргі тезхнологиялармен жұмыс жасай білу қабілеті керек, өйткені олар автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жабдықталған. Жабдықтардың барлығы жоғары технологиялық және энергияның 70% -на дейін үнемдейді. Бұл сапалы өнімді шығаруға негіз болады»,-деді ол.
Айта кетейік, кәсіпорында «бір терезе» қағидаты бойынша өндірісті ұйымдастырды. Олар - өнімнің дизайынын жасау мен тұтынушыға өндіру және тасымалдау жұмыстары.
Анар Тәңірқұлова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады