- Басты
- Жаңалықтар
- “Саламатты Қазақстан” пойызы ауыл тұрғындарына стоматологиялық көмекті тегін көрсетеді
“Саламатты Қазақстан” пойызы ауыл тұрғындарына стоматологиялық көмекті тегін көрсетеді
2010 жылдан бері «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» үш консультативті-диагностикалық поездары 1 292 күн ішінде 137 482,5 шақырым жол жүріп, республика облыстарындағы 916 стансаның тұрғындары тексерілді.
"Поез мамандарының арқасында 263 839 тұрғын, оның ішінде 66 804 бала тексерілді. Дәрігерлерге келушілер саны 1 738 744 құрады. 1 091 632 диагностикалық емшара жүргізілді (235 075 ішкі ағзаны ультрадыбыстық зерттеу, 2 258 спирография, 45 385 миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 89 691 электрокардиография, 53 685 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 61 911 рентгенологиялық зерттеулер, 17 050 эзофагогастродуоденоскопия, 586 577 клинико-биохимиялық зерттеулер), 2 773 шағын амбулаторлық ота жасалды, 19 телемедициналық кеңес берілді. 39 526 әйел адам маммологқа қаралды. 63 634 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді", - деді ол.
Жоғары сапа мен медициналық поездар жұмысының қалыптасқан жүйесі кейбір адамдар күтпеген ауру түрлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Медициналық поездардың маңыздылығы жыл өткен сайын көбеймесе азайған емес, оған тұрғындардың дәрігерлерге келуінің статистикалық мәліметтері дәлел, медициналық поездардың дәрігерлері тәулігіне 150-200 адам қабылдайды. Халықтың медициналық поездардың қызметіне деген сұранысының өсуі өңірлерде заманауи зертхана құрылғыларының және консультативті-диагностикалық бейінді мамандардың болмауына байланысты. «Денсаулық сақтау поездары» жобасы шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің ең жоғары стандарттарын жеткізеді.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал