• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт қолдану саласы бойынша келісімге қол қойды

Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт қолдану саласы бойынша келісімге қол қойды

13 Қараша, 2013 17:45
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Канаданың Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесті, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі көптеген мәселелерді талқылады. Оның ішінде, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік те бар», - деп хабарламада нақтыланған. 

Ә. Исекешев атап өткендей, Қазақстан бұл мәселеде Ресейден ілгері болып,  ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің арасында Канаданың басты саудалық әріптесі, ал Канада – Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінің арасында Қазақстанның озық әріптесті (АҚШ-тан озып) болып табылады. 2012 жылы екі жақты сауданың көлемі $3,3 млрд. құрады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы екі ел Үкіметтерінің арасындағы келісімге қол қойылды. Осы құжат аталған секторға жаңа технологиялар мен қосымша инвестициялардың келуіне ықпал етеді. Дәлірек айтқанда, Келісім аффинаж өндірісін іске қосуға және Үлбі металлургия комбинатында («ҮМЗ» АҚ) атом электр станцияларының отынын өндіру үшін уран рудасын әрі қарай конверсиялауға жағдай жасайды.

 

Барлық жаңалықтар