- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ ОСК-ға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ атынан алғашқы 16 ұзақмерзімді бақылаушыны ұсынды (ВИДЕО)
ҚР СІМ ОСК-ға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ атынан алғашқы 16 ұзақмерзімді бақылаушыны ұсынды (ВИДЕО)
- Владимир Карлович, қайырлы күн. ҚР ОСК-нің Мәжіліс пен барлық деңгейіл мәслихат сайлауы бойынша жүргізіп жатқан дайындық жұмыстарын атап өтсеңіз.
- Өздеріңіз білетіндей, біз бірінші кезеңді аяқтадық - үміткерлерді ұсыну 8 ақпанда аяқталды. 6 саяси партия өздерінің саяси тізімдерін ұсынды. Бүгін бесінші саяси партияның тізімі тіркелді. «Бірлік» партиясын тіркеу қалып отыр. Қазір партиялық тізімге енген тұлғалардың мәліметтері тексерілуде, олар ҚР Конституциясының талаптарына сай тексеріледі. Тіркеу үрдісі күнтізбелік жоспар бойынша 19 ақпанда аяқталады. Ол уақытқа дейін барлық партиялық тізімді тіркеп үлгереміз деп ойлаймын. Сондай-ақ, анықталған баспаханалар жұмысымен айналысып жатырмыз.
- Өңірлерде қандай жұмыстар жүргізілуде? ҚР ОСК жоспарына сәйкес қандай шаралар өтіп жатыр?
- Иә, әрине. Егер біз Парламент Мәжілісінің депутаттар сайлауымен айналыссақ, өңірлерге қысым айтарлықтай түседі. Олар аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттық депутаттар сайлауын ұйымдастырады. Қазір кандидаттар белсенді ұсынылуда. Бүгінде 6800 үміткер (10 ақпан жағдайы бойынша) ұсынылды. Олардың 850 кандидаты тіркелді. Сайлау комиссиясының мүшелерін оқытуға да айтарлықтай уақыт бөлінуде.
- Сайлауға дайындық күрделі болып табылғандытан, ОСК партиялық тізімдерді қабылдағанда олқылықтар байқалды ма?
- Қазір ОСК-ға 27 өтіініш келіп түсті. Сайлау бойынша заң бұзушылық жоқ, сайлау комиссиясы мен түсіндіру жұмыстарына байланысты сұрақтар бар.
- Сайлауға келетін бақылаушылар туралы сөз болды, қазіргі таңда бар мәліметпен бөліссеңіз.
- Сайлау органдарына ОСК тарапынан шақыру жіберілді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Бақылаушылар институтын ашты. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайтында осы салада бақылаушылардың ауқымды бөлігі дайындалып жатқаны белгілі болды. Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясына Демократиялық институт пен адам құқығы бюросының атынан алғашқы 16 ұзақмерзімді бақылаушыны ұсынды.
- Владимир Карлович, сайлау қазақстандық қоғамды біріктіруге ықпал ете ме?
- Сайлаудан кейін бұл үрдіске толық көз жеткіземіз. Себебі, басты көрсеткіш сайлауға келушілердің саны болады. Сайлаушылар дайысы қалай бөлінгенін де көреміз.
- Сұхбатыңызға рақмет
Ботагөз Айтжанова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді