Үміткерлердің барлығы мәслихат депутаттығына тіркелді - ОСК

12 Ақпан, 2016 11:52
Үміткерлердің барлығы мәслихат депутаттығына тіркелді , деді ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев.

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына үміткерлердің барлығын тіркеді», - деді ол.

Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына барлығы  7885 кандидат ұсынылды. Округтік сайлау комиссиялары бүгінгі күні мәслихаттар депутаттығына 1096 кандидатты тіркеген.

Айта кетейік, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді. Мәжіліске 107, жергілікті мәслихаттарға 3335 депутат сайланады.

 

 

Барлық жаңалықтар