- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Мұқашева: Президент алдағы сынақтардан өтуде халықтан рухани күш пен бірлікті күтеді
Б. Мұқашева: Президент алдағы сынақтардан өтуде халықтан рухани күш пен бірлікті күтеді
«Мен ұстаз ретінде Елбасы Н.Назарбаевтың Мерзімінен бұрын Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауын өткізу шешімі туралы Үндеуінде патриотизм мен бар халықты жұмылуға шақырғаны толқытты», - деді ол.
Меңгерушінің айтуынша, қазір әрбір азаматтың патриоттығы тексерілуде.
«Елбасы өзінің Үндеуінде: «Бүгінде біздің ел күрделі жаһандық саяси және экономикалық үдерістерге тартылып отыр. Энергия қуатын беретін өнімдер бағасының құлдырауы нәтижесінде көптеген елдерді жайлаған экономикалық дағдарыс бүкіл әлемдік экономикаға және оның ажырамас бөлігі ретінде біздің елімізге де елеулі ықпал етуде. Осы бір қиын уақыт ел алдына өте күрделі міндеттер мен сын-қатерлерді тосып отыр». Бұл Елбасының адамзаттық капиталға баса назар аударатынын көрсетеді», - деді ол.
Білім беру саласының маманы атап өткендей, заманауи мектептің басты мақсаты білімді, білгір ұрпақты тәрбиелеп шығару.
«Мен ауылдық мектепте ұстазбын, сондықтан ұрпақ тәрбиесі мен білімі мен алаңдатады. Елбасы білім беру саласына әркез аса назар аударады. Білім беру саласында мектепке дейінгі білім берудің жаңа стандарттары енгізілуде», - деді ол.
Айта кетейік, Парламент мәжілісінің депутаттары бесінші шақырылымның депутаттарын тарату туралы бастаманы ұсынған болатын. Елбасы Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын 20 наурызда өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Индира Кауметова
Сурет жеке мұрағаттан алынды
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді