- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Ештаева: Барлық деңгейдегі заң органдары дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыру барысында салмақты үлес қосулары керек
Д.Ештаева: Барлық деңгейдегі заң органдары дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыру барысында салмақты үлес қосулары керек
«Мені алыстағы ауыл әкімі ретінде Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы Ұлт жоспарын орындауда «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру бағыты бойынша айтқан сөздері қатты әсер етті. «Нұрлы жол» бағдарламасын белсенді жүзеге асыру арқылы мыңдаған азаматтарымыз жұмыспен қамтылады. ҚР Үкіметі, барлық деңгейдегі әкімдер өткен дағдарыстан жинаған тәжірибелерін қолданып және инфроқұрылымдық құрылыс мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жұмыс орындарын сақтай отырып, артық шығынды азайтуда басқа да қор көздерін іздеулері керек»,-деді ол.
Бүкіл әлем бастан кешіп отырған күрделі қаржы-экономикалық жағдайда Мемлекет басшысының бұл сөздері ауылдықтардың жүрегіне үміт ұялатты.
«Ауылды жерлерде жұмыс табу жалпыға белгілі. Осындай қиын кезеңнің өзінде мемлекет аграрлық секторды дамыту үшін тиісті бағдарламаларды жүзеге асыруға талпынып отыр. Әсіресе, ұзақмерзімді шағын және орта бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге қаржы қарастыруда. Ауылдықтар да қол қусырып отырған жоқ, өзін өзі қамтамасыз ету үшін жеңілдікпен берілетін несиелерге қол жеткізіп, өз ісін ашуға жаңа мүмкіндіктер қарастыруда. Мемлекет басшысы осындай маңызды шақта өз Жолдауында қиындықтарды еңсеру мақсатында дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін барлық деңгейдегі заң шығарушы органдардың қызметіне ерекше мән беріп отыр», - деп атап өтті Дина Ештаева.
Сонымен қатар, ауыл әкімі Мемлекет басшысымен пікірлестігін білдіріп, сайлау науқаны мен жаңа депутаттарды сайлау еліміздің қиын кезеңдерден өтіп, жаңа даму шекарасына жету үшін ұлтты ұйыстыратынын айтты.
Индира Кауметова
Сурет жеке мұрағаттан алынды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады