• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының ауылдарында шаруашылықтар есебінен әлеуметтік жұмысшылар үшін жаңа үйлер салынды

Ақмола облысының ауылдарында шаруашылықтар есебінен әлеуметтік жұмысшылар үшін жаңа үйлер салынды

13 Ақпан, 2016 10:03
Ақмола облысының ауылдарында шаруашылықтар есебінен әлеуметтік жұмысшылар үшін жаңа үйлер салынды. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің серіктестік жұмысымен танысқан сәтінде «Свободное» ЖШС-ң директоры Александр Закусилов айтты.

Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, Сандықтау ауданындағы «Свободное» ЖШС-і облыстағы ең мықты ауылшаруашылық тауар өндірушілердің бірі. Серіктестіктің негізгі табыс көзі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері. Шаруашылық «Герефорд»  тұқымды ірі қара өсіреді. Тәжірибелі ауыл шаруашылық саласының мамандары мен серіктестік басшысы Александр Закусилов жүйелі жолға қойылған жер мен мал шаруашылығын нық ұстап тұру үшін  технологиялық процестерді жетілдіріп отырады.

Шаруашылықтың жалпы егістік аумағы 29 мың гетардан асып жығылады. Өткен жылы бұнда бидай түсімі гектарына 21 центнерден айналды. 19,8 млн. теңгенің 57,1 тонна еті мен 800 малн. теңгенің астығы өндірілді. «Герефорд» тұқымды ірі қараның саны 1 700 бас. 

Серіктестік басшысының айтуынша 2015 жылы ірі қара сатып алу үшін 16,5 млн. теңге субсидия алған. ЖШС биыл мол өнім беретін «Герефорд» тұқымды сиырлар үшін астық пен мал азығы көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 

Барлық жаңалықтар