• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысындағы ауылда мемлекеттік бағдарлама аясында автостанция ашылды

Ақмола облысындағы ауылда мемлекеттік бағдарлама аясында автостанция ашылды

12 Ақпан, 2016 12:09
Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында автостанция ашылды, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

Ауыл тұрғыны Айбек Хамитов «Бизнестің жол картасы-2020» аясында үш миллион теңге көлемінде несие алды.
Ашылу салтанатына депутаттар, жергілікті тұрғындар, құрметті азаматтар шақырылды.

Еңбекшілдер ауданының әкімі Асқар Киіков ауылдықтарды автостанцияның ашылуымен құттықтады. «Шағын және орта бизнесті дамыту қажет, адамдар  жыл өткен сайын өз істерін ашуға талпынып жатыр», - деді ол.

Жаңа автостанция бекеті Степняк – Валиханов автожолында орналасқан.

 

Барлық жаңалықтар