• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО әкімдігі мен Үндістанның сауда-өнеркәсіптік палатасы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

ШҚО әкімдігі мен Үндістанның сауда-өнеркәсіптік палатасы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

12 Ақпан, 2016 16:05
Жақында ШҚО-ның делегациясы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Үндістанға барып қайтты. ШҚО-ның ақпарат орталығында хабарлағандай, кездесу қорытындысынан кейін Дели қаласында ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды.

Құжат екі ел арасындағы сауда-өнеркәсіп саласы бойынша  ынтымақтастыққа жаңа серпіліс беру мақсатында жасалды. Меморандумға қол қойылды, алдағы уақытта қарым-қатынасты нығайту үшін екі елдің өңірлері арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға келісім жасасты. 

Сондай-ақ, кездесу барысында Үндістанның 100 кәсіпкерлеріне Шығыс қазақстан облысының өнеркәсіп саласындағы, ауыл шаруашылығы, МЖӘ саласы бойынша 61 инвестициялық жобаның тұсауы кесілді. 

Айта кететін жайт, Қазақстан мен Үндістан Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында білім мәселесі, ғылым мен мәдениет, облыста ұлттық мәдени мұраны сақтау мен оларды ЭНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша тығыз ынтымақтастық жасайды. Сондай-ақ, Қазақстан белсенді елдің тұрғындары арасында үнді ұлттық мәдениетті насихаттау саласында Үндістанды қолдайды.

Барлық жаңалықтар