• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында ауылдық Мәдениет үйі жөнделді

Ақмола облысында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында ауылдық Мәдениет үйі жөнделді

12 Ақпан, 2016 20:13
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болды. Аймақ басшысы Петровка ауылындағы қайта жөндеуден өткен Мәдениет үйіне ат басын тіреді. «Жабай» ЖШС-ң басшысы Доға Докаеваның демеушілігімен ғимаратқа қайта жаңғырту жұмысы жүргізілген.

Әкімдіктің хабарлауынша, Мәдениет үйіне қажетті жиһаздар мен музыкалық аппаратура алынып, сахнасы да көркемделген. Қазір мұнда музыкалық топтар, би үйірмесі және өздерінің ансамбльдері бар.

Жаңартылған ғимаратта мерекелік шаралар мен ауыл жұртына жиналыстар өткізіледі. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам кітап қоры бар ауылдық кітапхана да жұмыс істеп тұр.

Облыс әкімі Мәдениетт үйі ұжымымен кездесуінде көрсеткен көмегі үшін кәсіпкерге өз алғысын жеткізіп, ауылды жерлерде бизнестің әлеуметтік жаупкершілігі өте маңызды екенін атап өтті.

«Мәдениет – бұл қоғамдық өмірдің орталығы. Сондықтан мен, ауыл тұрғындарының түрлі іс-шаралар өткізетін орындары болғаны үшін өте қуаныштымын»,-деді әкім.

Айта кетейік, Петровка ауылында осы серіктестіктің қаржысымен пошта бөлімшесінің, фельдшерлік-амбулаториялық бекеттің және кітапхананың жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Барлық жаңалықтар