• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан өкілі Евразиялық патенттік мекеменің президенті лауазымына тағайындалды

Қазақстан өкілі Евразиялық патенттік мекеменің президенті лауазымына тағайындалды

12 Ақпан, 2016 19:58
Қазақстан Республикасының өкілі Тлеулесова Сауле Январбековна Евразиялық патенттік мекеменің президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Әділет министрлігі.

«Тлеулесова С.Я. 2015 жылғы 3-4 маусымдағы өткен, кезекті сайлау қорытындысы бойынша лауазымға сайланды және бұл лауазымда 2016 жылғы 10 ақпанда құзыреті аяқталған, Ресей Федерациясының өкілі Григорьев А.Н. ауыстырды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Евразиялық патенттік мекеме бір уақытта Әзірбайжан Республикасында, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Казахстан Республикасында, Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Түркіменстанда қолданылатын еуразиялық патенттерге өтінімдерді қарау бойынша халықаралық ұйым болып табылады.

Барлық жаңалықтар