- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Болашақ» тіл мектебі ашылды (ФОТО)
Астанада «Болашақ» тіл мектебі ашылды (ФОТО)
Бұл жерде 2015 жылы «Мемлекеттік қызметшілер», «Ғылыми-педагог қызметкерлер», «Мәдениет қызметкерлері», «БАҚ редакциясының қызметкерлері» және «ЖОО түлектері» санаттары бойынша оқуға түскен алғашқы 60 стипендиат оқуды бастады, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Ашылу салтанатына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов, Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі, доктор Кэролина Браун, Қазақстандағы Британдық кеңес директоры Джим Баттери, тіл мектебінің қызметкерлері, сондай-ақ 2015 жылы стипендия тағайындалған стипендиаттар қатысты.
«Болашақ» стипендиясын іске асыруды жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде біз тарихта алғаш рет Алматы қаласында 2015 жылғы 7 қазанда және Астана қаласында ағымдағы жылғы 1 ақпанда Тіл мектебін аштық.
Осы мектептің негізгі серіктесі Британдық кеңес болып табылады. Мектеп жұмысы ағылшын тілін оқытудың «6+6» жаңа форматын ұсынады, онда алғашқы 6 айда «Болашақтың» квоталық стипендиаттары ағылшын тілін Қазақстанда, қалған 6 айда шетелде оқиды.
Осылайша, стипендиаттардың ағылшын тілін оқу тиімділігі айтарлықтай артып, тілдік даярлыққа жұмсалатын қаржы қаражаттарын оңтайландыруға қол жеткізілді, – деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов мектептің ашылу салтанатында.
Алматы қаласында бірінші тіл мектебінің салтанатты ашылу шарасы 2015 жылғы 7 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтіп, онда «Болашақ» бағдарламасының 38 стипендиаты оқуды бастаған.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді