• Басты
  • Жаңалықтар
  • В:Наудужас: Қазақстан «Жібек жолын» қайта жандандыру арқылы үлкен табысқа кенеледі (ВИДЕО)

В:Наудужас: Қазақстан «Жібек жолын» қайта жандандыру арқылы үлкен табысқа кенеледі (ВИДЕО)

12 Ақпан, 2016 09:28
Бүгінгі таңда негізі Азиядан жүктің 95%-ы Еуропаға теңіз арқылы жеткізіледі. Қазір «Жібек жолымен» Қытай, Қазақстан арқылы өзге мемлекеттерге осы жүктердің белгілі бір бөлшегі бара алатын болады. Қазақстанның осы арқылы жақсы жұмыс істеп, мол табысқа кенелуіне мүмкіндігі бар. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан республикасындағы Литва республикасының төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас айтты.

«Мұнай мен газ бағасының арзандауы белгілі деңгейде сіздерге кері әсер етті. Сіздерге Шығыс пен Батыс арасындағы санкция саясатының да салқыны тиетіні белгілі. Әлемдік экономика қарқынының бәсеңдеуі және өзге де факторлар тағы бар. Әрине, мұнай мен газдың қайтадан бұрынғы қалыпқа келетініне сенім артуға болмайды. Сондықтан, сіздерге дереу басқа да тиімді жолдарды іздеген абзал. «Грек жолы» немесе «Британ жолы» деген сияқты сіздердің де өздеріңіздің «Қазақстандық жолдарыңыз» болуы керек . Мен бұған сөзсіз сенімдімін. Бұл көлік, бұл логистика, бұл туризм.  Франция сияқты ірі экономиканы алсаңыздар да, бірінші кезекте кіріс көзі – бұл ауыл шаруашылығы екеніне көз жеткізесіздер. Екінші кіріс көзі – бұл туризм", - деді ол.

Қазақстан қазір осы бағыттарды қайталауларына болады.

"Сіздерде ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Сонымен қатар, туризм бар. Батыс телеарналарын қарап отырсам, олар Қазақстанды сіздерден артық жарнамалайды. Міне қызық. Сіздерде қазақстандықтардың басым көпшілігі байқай бермейтін керемет дүниелер бар. Сіздердің Президенттеріңіз Н.Назарбаев көліктік-логистика жүйесін дамытуға ерекше көңіл аударады. ЕО-та экономикасының бір бөлшегін құрайтын осы үш сектордың басын құрамаған елді атап көрсетіңізші.  Сіздер көлік, логистика, туризм салаларын алсаңыздар ұтылмайтындарыңызға мен сенімдімін. Сіздер қандай да бір тауар таситын болсаңыздар, тасымалдың шығыны Еуропа немесе АҚШ-тан 3-4 есе артық болады. «Қорғасты» дамытсаңыздар да жеткілікті. Сонда ғана сіздерде баға тәртібі төмендейді. Бүгінгі таңда негізі Азиядан жүктің 95%-ы Еуропаға теңіз арқылы жеткізіледі. Қазір «Жібек жолымен»  Қытай, Қазақстан арқылы өзге мемлекеттерге осы жүктердің белгілі бір бөлшегі бара алатын болады. Қазақстанның осы арқылы жақсы жұмыс істеп, мол табысқа кенелуіне мүмкіндік бар»,-деді Витаутас Наудужас.

Витаутас Наудужас Литва республикасының ең танымал дипломаттарының бірі. Ол Еуропа және Азия мемлекеттерінде елші болған. Экономика ғылымдарының докторы. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық еткенде ол көліктік мәселелер бойынша уәкілдік еткен.

Данияр Қасымов  

Барлық жаңалықтар