• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Айсина: Мемлекет басшысының 100 мектеп ,100 аурухана салу туралы тапсырмасын Үкімет орындай алмай жатыр

М.Айсина: Мемлекет басшысының 100 мектеп ,100 аурухана салу туралы тапсырмасын Үкімет орындай алмай жатыр

13 Қараша, 2013 16:51
Жыл өткен сайын Үкімет Мемлекет басшысының 100 мектеп пен 100 аурухана салу туралы тапсырмасын лайықты дәрежеде орындай алмауда, деді Мәжіліс депутаты Майра Айсина.

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында  депутаттар бюджеттің орындалуына көңілдері толмайтынын айтты. Майра Айсина білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы Елбасы тапсырмасының іске аспай жатқанын айтты.

«Жыл өткен сайын Үкімет Елбасының 100 мектеп,  100 аурухана салу  туралы тапсырмасына атүсті қарауда. Бұл бағдарлама негізінен 2011 жылы аяқталу керек екенін айтудың өзі ұят», - деді мәжіліс депутаты.

Халық қалаулысының айтуынша, 92 мектепте әлі күнге дейін оқушылар үш  ауысым бойынша  білім алады. Ал 189-ы апаттық жағдайда тұр.

«Ал қазір Үкімет Білім және ғылым министрлігінен 22 млрд теңгені игере алмай қалғандығы себепті  алып тастауды сұрап отыр. Бұл дегеніңіз кемінде 20 жаңа мектеп емес пе?», - деді депутат.

 

 

 

Барлық жаңалықтар