- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы 6 шекаралық бекетте автожолдарды жөндеу жоспарланған
2016 жылы 6 шекаралық бекетте автожолдарды жөндеу жоспарланған
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әліпов Ұлан өз сөзінде, Ұлт жоспарының 58-і қадамын жүзеге асыру жөнінде атап өтті. Сонымен бірге, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау, оларға ақылы жүйені енгізу және жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту мәселелері талқыланды.
Компанияның алдында тек жолды салу мақсаты ғана емес, сонымен бірге барлық салынған жолдарды сапалы түрде күтіп ұстау қажет екендігін атап өтті. Қазіргі уақытта жолдарды күтіп ұстауға 13 млрд. теңге бөлінеді, бірақ норматив бойынша жыл сайын жол желісін сапалы күтіп ұстау үшін 45 млрд. теңге бөлу қажет. Сонымен бірге, ақылы жолдардан жиналған қаражат, жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.
Тек қайта қалпына келтірілген немесе күрделі жөндеуден өткен жол учаскелері ғана ақылы болады, - деп Әліпов Ұлан айтып өтті. 2016 жылы Астана-Атбасар жолында ауыр жүк автомобильдеріне және Қызылорда-Шымкент автокөлік жолында барлық көлік түрлеріне ақылы жүйе енгізіледі.
Баспасөз мәслихатында жол жиегіндегі қызмет көрсету сервистері туралы мәселесіне де тоқталып өтті. Өткен жылдың қазан айында Ұлт жоспарының 58-і қадамын жүзеге асыру бойынша жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту жөнінде Компания жаңа өкілеттілікке ие болды. Қызмет көрсету нысандарына талап қоятын Ұлттық стандарт іске қосылды.
Әліпов Ұлан атап өткендей, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 260 қызмет көрсету нысандарын құруға және толықтыруға талап қойылған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 22 қызмет көрсету объектілері пайдалануға берілді. 2016 жылы республикалық маңызы бар жол бойындағы қызмет көрсету жөніндегі 26 объектіні пайдалануға берілу жоспарланып отыр.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
ТЖМ: Өрт қауіпсіздігі, елдімекендердегі өрт сөндіру бекеттері және алдын алу шаралары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді