- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылдың шақырылушыларын алдын ала зерделеу басталды
2016 жылдың шақырылушыларын алдын ала зерделеу басталды
Оның барысында 1999 жылы туылған қазақстандықтар әскери есепке алынады. Жергілікті әскери басқару органдары төрт құрылымға, яғни, ҚР Қарулы Күштері, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі және Шекара қызметіне шақыруды жүзеге асырады.
Осы ведомстволардың әрқайсысы болашақ сарбаздарының істерін зерделейтін штаттық қызметкерлермен ұсынылған. Жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесе азаматтарды жасақтау және зерделеуге ҚР ІІМ өкілдері атсалысады. Медициналық комиссия құрамына қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен департаменттердің өкілдері кірмейді. Оны әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері жөніндегі дайындығы бар анағұрлым білікті дәрігер мамандар, яғни, хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын дәрігері, дерматовенеролог, тіс дәрігері құрайды.
Әрі қарай шақырылымды тиісті өңірдің әкімі орынбасарының басшылық етуімен шақыру комиссиясы жүзеге асырып, комиссия құрамы бекітіледі. Оған денсаулық сақтау. ІІМ, білім, қоғамдық ұйымдар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кіреді. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды дайындау және шақыру үздіксіз процесс екенін айта кетейік. Шақыру учаскелеріне тіркелген сәттен бастап және олар әскерге шақырылғанға дейін жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке жататын азаматтарды жүйелі түрде зерделеуді жүргізеді. Зерделеу шақырылушының құжаттарын зерделеу әрі жас бозбаланың практикалық жұмыс жасауымен өткізіледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек