• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т. Яковлева: Бюджеттік қаржының игерілмеген миллиардтары – Үкіметтің орындалмаған міндеті

Т. Яковлева: Бюджеттік қаржының игерілмеген миллиардтары – Үкіметтің орындалмаған міндеті

13 Қараша, 2013 16:15
ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мәжілісмендер игерілмеген бюджеттің қаржысының сомасын көріп таң қалды.

«Өткен күзде бюджетті нақтылаған кезде сіз бізді бюджеттің орындалу тәртібі Премьер-Министр ретінде сіздің қатаң қадағлауыңызда  болады деп сендірдіңіз. Алайда, біздің байқауымызша жыл өтсе де бұл проблема шешілмеді. Игерілмеген қаржы одан әрі өсіп, 166 миллиард теңгені құрады», - деді С. Ахметовке депутат Т. Кенжин.

Мәжіліс депутаты Татьяна Яковлева өз кезегінде, бюджет жыл соңында мемлекетке шығын түсіру мүмкін екендігін айтты.

«Тәжірибе көрсеткендей, жыл соңында бюджетті қайта қарау мемлекетке күш түсіреді. Бюджеттік қаржының игерілмеген миллиардтары бұл біздің азаматтардың өмір сүруін жақсарту мақсаты бойнша Үкіметтің орындалмаған міндеті», - деді Т. Яковлева.

 

Барлық жаңалықтар