• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОСК мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындайтын баспаханаларды айқындады

ОСК мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындайтын баспаханаларды айқындады

11 Ақпан, 2016 16:03
ОСК ҚР мерзімінен бұрын өтетін мәслихаттар депутаттарының сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындады.

“Сондай-ақ Ортсайлауком отырысында «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары  депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 10/95 қаулысына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстары үшін мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды «АВК+» ЖШС жүзеге асырады”, - деді ОСК мүшесі Б.Мелдешев.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттар сайлауы  кезектен тыс сайлауы 20 наурызда өтеді.

Барлық жаңалықтар