• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Ткачев: Жоғары технологияны енгізу мен дамыту ел экономикасының жаңа деңгейге өтуіне мүмкіндік береді

В.Ткачев: Жоғары технологияны енгізу мен дамыту ел экономикасының жаңа деңгейге өтуіне мүмкіндік береді

11 Ақпан, 2016 15:58
Жоғары технологияны енгізу мен дамыту ел экономикасының жаңа деңгейге өтуіне мүмкіндік береді, деді Батыс Қазақстан облыстық «Қазақтелеком» АҚ филиалы директорының орынбасары Владимир Ткачев Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

«Ұзақмерзімді «Қазақстан - 2050» Стратегиясы мен 5 институционалдық реформа дәл бүгінгі таңдағы еліміздің дамуы мен халқымыздың барлық деңгейдегі топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде өзекті мәселелерді қамтиды. Мемлекет жоғары технология саласын дамытуға көмектесетін іске асыру жоспарын дайындады»,-дейді В.Ткачев.

Оның айтуынша, ел экономикасын жаңа сатыға көтеретін бағыттардың бірі - IT-технологияны дамытып, оны түрлі салаларға енгізу.

«Біздің өмір өзгеруде, бұл нақты мысалдармен дәлелденіп отыр. Солардың бірі – халыққа қызмет көрсету орталықтары. Бұрын қандай да бір анықтаманы алу үшін қаншама уақыт кетіретінбіз, қазір бір жұмыс күнінде барлық қажетті құджаттарыңызды жинап алуыңызға болады»,- деп атап өтті БҚО «Қазақтелеком» АҚ филиалы директорының орынбасары.

Атап өтейік, Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның жүйелік индексі бойынша әлемнің 143 елінің арасында 40 орынды иемденіп отыр. В.Ткачевтың айтуынша 2021 жылға қарай интернет жүйесі 250 адам тұратын елді мекендерге де жететін болады. Яғни, бұл шалғай ауылдардағы халықтың электронды қызметті, онлайн сатылымдарды, қашықтықтан оқытуды пайдалану үшін жылдам интернетті қолдана алатын болады деген сөз. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар