• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Әбішев: Тегін кәсіптік-техникалық білім-Қазақстан Республикасының қауіпсіз болашағы

А.Әбішев: Тегін кәсіптік-техникалық білім-Қазақстан Республикасының қауіпсіз болашағы

11 Ақпан, 2016 15:34
Тегін кәсіптік-техникалық білім-Қазақстан Республикасының қауіпсіз болашағы, деп «Теміртау политехникалық колледжі» КМҚК-нің директоры Айдар Әбішев Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтып өтті.

«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқына арнаған жолдауында   «Кәсіптік-техникалық  және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келекшектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді», - деп ерекше айтқан болатын. Мақсат - ортақ жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, жаңа технологияның дамуында оның маңызы зор екенін түсіндіру, әрі жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу болып табылады»,-деді А.Әбішев

Оның айтуынша, Кәсіптік – техникалық білім беретін оқу орындары Елбасы тапсырмасын Ұлт жоспарын жүзеге асыруды бастап кетті. Тегін кәсіптік – техникалық білім беру – сенімді болашақ кепілі екен сөзсіз.

«Жастарға кәсіптік техникалық білім беруді дамыту мақсатында Республика бойынша 15 оқу орталығы ашылуда. Соның бірі Теміртау политехникалық колледжінде техникалық мамандықтар бойынша оқу орталығын ашу көзделуде. Орталық жастарға жаңа мамандықты игеруге, қайта даярлау курстарынан өтіп біліктілікті шыңдауға мүмкіндік береді»,-деді ол. 
Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан назарбаев 2015 жылы 30 қарашада халыққа арнаған Жолдауында 2017 жылдан бастап «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылатындығын айтып өтті. Осыған орай, Үкіметке жұмысқа кірісуге тапсырма берілді. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар