- Басты
- Жаңалықтар
- 10 қонақ үй мен мейрамхана «Recommended by EXPO-2017» ресми түрде мәртебесін алды
10 қонақ үй мен мейрамхана «Recommended by EXPO-2017» ресми түрде мәртебесін алды
Марапаттау рәсіміне Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасы Комиссиясының төрағасы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС өкілдері, сонымен қатар, елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалардың және өзге де қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.
«Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық жүргізу және өткізу кезіндегі басты міндеттердің бірі қызмет көрсету саласында лайықты сервис ұсыну болып табылады. Көрмені өткізу деңгейіне қарай қаланың туристік дестинация ретіндегі даму келешегі айқын болмақ. Сондықтан, біз аталмыш Серіктестік бағдарламасы шеңберінде бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндеттерді орындай аламыз деп сенемін», - деді Нұрәлі Әлиев.
Туристік саласының он кәсіпорны арасында қызмет көрсету деңгейін бағалау нәтижелері бойынша «Астана қаласының алтын серіктесі» атағы «Soluxe Hotel Astana», «Radisson Hotel Astana» қонақ үйлеріне, «Astana Marriott» отеліне және «Korean House» мейрамханасына берілді».
«Күміс серіктес» белгісін «Park Inn by Radisson Hotel Astana» қонақ үйі жеңіп алды. «Қола серіктес» санатында «Ibis Hotel Astana», «Grand Park Esil Astana» қонақ үйлері және «Думан» қонақ үй кешені марапатталды. Ал "Peshnan" кондитерлік дүкені берілген ұпайлар саны бойынша «Астана қаласының серіктесі» санатында сертификатқа ие болды.
Бағдарламаның оныншы қатысушысы Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасының талаптарына сәйкес келмеді.
Осылайша, Астана қаласының ресми Серіктестері өз брендтерін Астана қаласы әкімдігінің, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС сайттарында, әуежай мен теміржол вокзалындағы ақпараттық киоскілерінде басымдықпен орналастыру, туристерге арналған ақпараттық материалдарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің навигациялық жүйесінде орналастыру құқығына ие болады.
Қазіргі кеде Бағдарламаға қатысуға 50-ден астам өтінім берілген.
Іс-шара соңында Нұрәлі Әлиев барлық қатысушыларға сапалы жұмыстары үшін алғыс айтып, ұзақ мерзімді әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді, өз кезегінде бұл Қазақстан астанасының беделіне оң әсерін тигізбек.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды