• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Қазақстан мен Ресей арасындағы нысандар мен жауынгерлік сынақ алаңдарын жалдау туралы келісімге енген өзгерістерді мақұлдады

Сенат Қазақстан мен Ресей арасындағы нысандар мен жауынгерлік сынақ алаңдарын жалдау туралы келісімге енген өзгерістерді мақұлдады

11 Ақпан, 2016 12:21
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу –сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік сынақ алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Хаттама Шарттың 4-бабындағы бірінші тармағына түзету енгізіледі, көбінесе жыл сайынғы бастапқы жалдау төлемі және жыл сайынғы жалдау соммасы қарастырылды. Осылайша, Ресей Федерациясының палигонның жалдамасына төленген соммасы жерді жалға шығарумен тепе-тең азайады.

«Өзгерістер енгізу шешімі жалға берілетін 589 мың 210 га алаңды қорытындылау себебіне орай, Ресей Федерациясының жалға төленіп жүрген қаражаты қайта қаралды. Хаттамада төленетін қаражатты 1 млн 373 долларға қысқарту қарастырылды. 2016 жылдан бастап оның соммасы 3 млн доллар болады»,-деді ҚР Қорғаныс министрі Оқас Сапарбаев.

Сондай-ақ, оның айтуы бойынша Хаттаманың ратификациялануы қолайсыз экономикалық салдарлар мен өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін әкеледі.

Сонымен қатар, Хаттаманы ратификациялау жұмысы заңнама күнін анықтауға және төленетін жалгерлік ақыны анықтауға мүмкіндік береді.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар