• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Қарулы Күштері мемлекеттік тіл бойынша ең үздік ұстаз бен аудармашыны таңдайды

Қазақстан Қарулы Күштері мемлекеттік тіл бойынша ең үздік ұстаз бен аудармашыны таңдайды

13 Қараша, 2013 16:10
ҚР Қарулы Күштерінде ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында «Мемлекеттік тілдің үздік оқытушысы», «Мемлекеттік тілдің үздік аудармашысы» байқау-конкурсын өткізу жоспарланып отыр, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бастауыш, жалғастырушы және тереңдетіп оқу топтарына бөлінген тіл үйренушілер оқу жылының екінші кезеңі бойынша емтихан тапсырды. Сабаққа қатысушылар бұған дейінгі жартыжылдық соңында сынақ тапсырған болатын. Сонымен қатар осы оқу кезеңінде мемлекеттік тілді үйренушілер рефераттар қорғап, түрлі тақырыптарда жеке тапсырмаларды орындады», - деп хабарламада нақтыланған.  

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылған 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деген міндетті іске асыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Байқау-конкурсының нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен оқытушылар мен аудармашылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Барлық жаңалықтар