• Басты
  • Қазақстанның сот жүйесі жетілдіріле түсуде - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров
17 Шілде, 2013 00:00

Қазақстанның сот жүйесі жетілдіріле түсуде - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров

ас мемлекет Қазақстанның сот жүйесі жетіле түсуде және ең алдымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған. 12-26 маусым күндері өткен Интернет-конференцияның барысында қойылған елдегі жүргізіліп жатқан сот жүйесі реформасына қатысты сұраққа Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров осылай жауап берді.
Қазақстанның сот жүйесі жетілдіріле түсуде - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табылады, деп атап көрсетілді.

«Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек. Жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес», - деді Президент.

Интернет-конференция барысында Б.Бекназаров жаңа технологиялар жөнінде де айтты.

«2007 жылдан бастап республиканың сот органдары іс қағаздарын қағазсыз құжат айналымына көшірді. Жергілікті соттарда мүмкіндіктерге қарай «ҚР сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» сот өндірісі үдерісінде қолданылады және Азаматтық процессуалдық кодекс, Қылмыстық процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс және басқа да заңнамалық актілер талаптарына сәйкес келеді», деп атап өтті Жоғарғы сот төрағасы сұрақтардың біріне жауап бере келіп.

Тұтастай алғанда, елдегі сот жүйесінің реформасы оң нәтижесін беруде. Реформаның басты бағыты қоғам талаптарына жауап бере алатын, халықаралық нормаларға сәйкес келетін азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын құру болып табылады. Бұл жұмыс та табысты жүргізіліп келе жатқанына Қазақстанның 2011 жылы Халықаралық соттар қауымдастығының толыққанды мүшесі болуы айқын дәлел. Статистика тілімен айтар болсақ, 2012 жылдың қорытындысымен соттардың әрекеттеріне шағымдар саны 24 пайызға, ал 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысында - тағы 21 пайызға азая түскенін айтқан жөн.

Б.Бекназаровтың азаматтардың сұрақтарына қайтарған жауаптарында бұл туралы былай делінген: «Барлық жерде аудио-бейне тіркеу құралдарын пайдалану үдеріске қатысушылардың тиісті мінез-құлқын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен қатар адвокаттардың және соттардың өздерінің де тәртібін күшейте түсті».

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды