- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің үйретуші нұсқаушылары атпен дайындауды бастады (ФОТО)
ҚР ҚК-нің үйретуші нұсқаушылары атпен дайындауды бастады (ФОТО)
91678 әскери бөлімінде Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл ТМД-дағы бірден-бір таулы-қорықтық ротада жыл сайынғы атпен дайындау басталды. Бөлім әскери қызметшілері санынан құралған жаттықтырушы нұсқаушылар тұлпарлармен жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы сабақтар өткізеді. Армияда жылқыларды пайдалану таулы жерлерде бөлімшелердің орналасуымен байланысты.
Олар техника үшін қолжетімсіз жүріп өтілген жерде, тайыз соқпақ жолдарда, жаралыларды шығару, жеке құрамның жедел қозғалуын және өзге де тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелердің іс-қимылдарын ұстап тұру кезінде жүктер мен оқ-дәрілерді тасымалдау үшін белсенді түрде қолданылады. Әскери қызметшілер жаңадан келгендерді атқа мінуге, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, атқа мінудің негіздерін үйретеді.
Үйрету барысында жылқылар кедергілер жолағын еңсереді, күрделі таулы жерде жеке құрамды тасымалдайды. Сондай-ақ оларға автоматтан шығатын қатты дыбыстарға үйренісу қажет. Жауынгерлік даярлық әртүрлі полигондарда өткізіледі. Алыс қашықтықтарға жылқыларды пойызбен тасымалдайды. Жердің географиялық ерекшеліктері мен жылдың мезгіліне қарамастан, аттар берілген тапсырманы орындайды. Атқа міну дайындығы міндетті пән болып табылады. Ал полигондарда жылқылармен жұмыс жасау жоспарға байланысты айына бірнеше рет өтеді. «Сәйгүліктерді өзіміз тамақтандырамыз.
Сұлы, кебек, бидай сияқты азық жемді жылқылар нормаға сәйкес күн сайын алып тұрады. Сонымен қатар дәрумендер береміз. Жануарларды ат қораның жеке қораларында ұстайды. Ротаға жылқылар үш жасында келеді, ал олардың қызмет ету мерзімі 5 жылды құрайды», - дейді таулы-қорықтық ротасының командирі аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы. Рота жанында жылқылардың денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады. Рота құрамында барлығы 52 жүйрік бар. Әрқайсысы бір-бір әскери қызметшіге бекітілген және өзінің мүкәммалдық нөмірі бар. Таулы-қорықтық ротадағы негізгі қызметтен басқа сәйгүліктердің өзге де «мәдени» өмірі бар. Сонымен, 2015 жылы Таразда өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге қатысты. Түсірілімі Жаркент пен Қапшағайда өткен «Қазақ елі» фильмінің кейіпкерлері болды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады