• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялады

Сенат Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялады

11 Ақпан, 2016 12:03
Бүгін Сенаттың кеңейтілген отырысында Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификацияланды.

«Келісім қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және кешендік  шараларды жүзеге асыру мен  күдіктіге қажетті шараларды ұйымдастыруды қарастырады. Сондай-ақ, оның құрамына заңсыз жолмен алынған  құжаттарды беру, заттар мен мүлікті, кірісті тәркілеу  жатады», - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Аталмыш келісім активтерді тәркілеуде өзіндік әдіске ие. «Тәртіп бойынша тараптар тәркіленген заттарды өзара тең бөліседі. Алайда, олар келісім бойынша өзге жолмен бөлісуді қаласа, ол келісімге енгізіледі. Бөлінген заттар әрі қарай бөлінуге жатпайды, толық көлем бойынша беріледі», - деді ол.

Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия  арасындағы өзара көмек көрсету бойынша келісіміне Лондонда 2015 жылдың 3 қарашасында қол қойылды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар