• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Көмекбаев: Кәсіптік мемаппараттың моделі мемқызметкерлердің жаңа әдіспен тест тапсыруын қарастырады

А.Көмекбаев: Кәсіптік мемаппараттың моделі мемқызметкерлердің жаңа әдіспен тест тапсыруын қарастырады

11 Ақпан, 2016 11:29
Кәсіптік мемаппараттың моделі мемқызметкерлердің жаңа әдіспен тест тапсыруын қарастырады, деді ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында Мемлекеттік іс жөніндегі министрліктің мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Әли Көмекбаев.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң күшіне енді. Жаңа заңға сай мемлекеттік қызметтегі барлық қызметтік ауысу конкурс негізінде ғана жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік қызметтің жаңа мансаптық моделі бойынша мемлекеттік орган қызметкерлері арасында жоғарғы бос лауазымға тек ішкі конкурспен, ал төменгі лауазымдарға тек жалпы конкурс арқылы ғана тағайындалады. Өткен жылы министрліктерде, олардың ведомстволарында және жергілікті атқарушы органдарда орта есеппен 828 азамат ашық байқаусыз ішкі ауысу тәртібі арқылы қызметке орналасқан. Бүгінгі күні мұндай ауысулар мүмкін емес», - дейді Ә.Көмекбаев.

Оның айтуынша, бұл модель жас мемлекеттік қызметшінің кәсібилігінің артуына, психологиялық тұрғыда бейімделуіне және мемлекеттік қызмет аясында ұзақ мерзімді мансаптық өсуді жоспарлауға өз ықпалын тигізеді.

 

Барлық жаңалықтар