- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат ҚР мен РФ арасында ұшу-сынақ орталығын пайдалану келісіміне енген өзгерістерді мақұлдады
Сенат ҚР мен РФ арасында ұшу-сынақ орталығын пайдалану келісіміне енген өзгерістерді мақұлдады
Хаттама келісім мәтіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және келісімнің қосымшасына түзетулер енгізуді қарастырады. Ресейлік тараптан жер әчаскелерін қысқарту, қаазқстандық тараптың полигон аймағындағы жерлерді қолданудың тәртібін енгізу, ауыл шаруашылық және гелогиялық барлау жұмыстарын жүргізуде қазақстандық тараптың тәртіп сақталуы сынды өзгерістер енгізілді.
«Хаттама бойынша Қазақстан облыстарының аумағындағы жалпы алаңы 580 мың гектардан астам полигон учаскелері жалдаудан шығарылады. Айта кету керек, Ресей тарапына нақты қажетті өлшемді анықтау мен әскери полигондар алаңын қайта қарау туралы тапсырманы Елбасы жүктеген. Сонымен қатар, жалға алынып отырған жерді қайтару туралы бастаманы мүдделі министрліктер де, тиісті облыс әкімдіктері де көтерген болатын», -деді Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Оқас Сапаров.
Хаттаманың ратификациясы заңнамалық түрде полигонды болашақта қолдану мәселесін реттеуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, хаттамаларға 2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде қол қойылған. «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылданған.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды