Түркістан станциясында жаңғырту жұмыстары жасалды

12 Ақпан, 2016 08:56
1905 жылы тұрғызылған көненің көзі, сәулет өнерінің туындысы Түркістан станциясы күрделі жөндеуден соң, өзінің бастапқы қалпына келтірілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.

Ғимараттың жалпы аумағы 876,4 шаршы метр болады. Сәулетішер мен құрылысшылар ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары мен айналасын да қайта жаңғыртты.

«Вокзал қызмет» акционерлік қоғамы ұйымдастырған ауқымды жөндеу жұмыстарының нәтижесінде вокзалдың ішкі электр желілері, жылу жүйесі, ауа баптағышы, сыртқы жарықтандыру, байланыс және белгі беру құрылғылары, өрт сөндіру жабдықтары жаңартылды. Вокзал алдындағы алаңдар мен жолаушылардың күту платформасы жаңғыртылды. Электр монтаждау және сантехникалық жұмыстар атқарылды.

Аталмыш вокзалға 2000 жылы қаланың 1500 жылдың мерейтойы қарсаңында жөндеу жасалған болатын. 2015 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары бұрынғыдан екі есеге артық көлемде жасалды.

Түркістан станциясынан тәулігіне 19 жұп пойыз өтеді. Вокзалдан тәулігіне мыңдаған адам сапарға аттанады. 

Барлық жаңалықтар