Астана мен Санкт-Петербор басшылығы әріптестік туралы келісімге келді

13 Қараша, 2013 16:35
Астана әкімдігі мен Санкт-Петербор үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық әріптестік бағдарламасын мақұлдады. Аталмыш келісімге Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағанбетов пен Санкт-Петербор губернаторы Георгий Полтавченко қол қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Келісімге қол қою рәсімі Георгий Полтавченконың Астанаға жасаған ресми сапары кезіндегі екі қала басшыларының кездесуі барысында өтті. Бағдарлама әріптестіктің кеңінен тарауына бағытталған. Соның ішінде қала құрылысы, коммуналды шаруашылық, кәсіпкерлік, инженерлік және транспорттық инфрақұрылымның дамуы, әлеуметтік қамсыздандыру, туризм, білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет пен өнерді қолдауға арналды», - делінген хабарламада.

Сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту мақсатында Санкт-Петербордың Астанадағы және Астананың Санкт-Петербордағы ақпараттық іскер орталықтарын ашу жоспарланды. Тараптар сонымен қатар Санкт-Петерборда  «Астана» сауда-іскерлік кешенін құруға келісті. Және де екі қалада маманданған көрмелерде Санкт-Петербор мен Астана көрме экспозициясын ұйымдастырмақшы.

Барлық жаңалықтар