• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Сәдуақасова: ҚР-да заңнамалық база елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа кезеңіне бағытталды

А.Сәдуақасова: ҚР-да заңнамалық база елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа кезеңіне бағытталды

11 Ақпан, 2016 10:46
Қазақстанда заңнамалық база жаңа экономикалық, әлеуметтік және елдің әкімшілік-саяси дамуына арнап жасалды, деп Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының директоры Айгүл Сәдуақасова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

« Біздің елімізде жаңа саяси кезең басталуда және ол бірқатар себеп салдарынан болды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында айтып өтті. Осы мақсатта 2016 жылы бес институционалды реформасы жедел түрде іске асырылды.  Еліміздің Үкіметі үлкен жұмыстар атқарды. 2015 жылдр бойы елімізді жаңа экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік-саяси даму негізіне әкелу мақсатында заңнамалық базаны дайындауда елеулі заң жұмысы жүргізілді»,-деді А.Сәдуақасова.

Сарапшының айтуы бойынша, Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауы негізгі мәселелерді  шешуге арналды- ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсімі, қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейін көтеру.

«Ішкі мәселерерді дер кезінде және бірлесе отырып шешуіміз керек. Бұл сыртқы сынақтарға жауап беру үшін жасалады.  Бұл экономикалық дағдарыс және қазіргі күні сыртқы және ішкі нарыққа септігін тигізуде, сондай-ақ геосаяси оқиғалар қатары және біздің өңірде де оның шеті байқалуда.  Бұл біздің көршілерімізге, серіктестіктерімізге, жеткеші экономикалық державаларға да қатысты. Осыған орай  қоғам орын алған қиындықтарға төтеп бере алатындай Қазақстан бүгінгі күні өзінің ішкі саяси жүйесін жұмылдыру керек»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар