Биыл Жамбыл облысында 268,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

11 Ақпан, 2016 19:12
Биыл Жамбыл облысында 268,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Атап айтқанда, облыс бойынша пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 292,4 мың шаршы метрді құрап, 2014 жылдан 13,3%-ға артты. Жекеменшік секторда 236,1 мың шаршы метр (6,4% - ға артық), мемлекеттік секторда 37 мың шаршы метр (2,0% - ға артық) тұрғын үйлер салынды.

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы жалпы 259,5 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Оның ішінде кезекте тұрған азаматтар үшін 12,6 мың. м2 құрайтын 3 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды және аталған бағыт бойынша 505,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Жас отбасыларына арналған тұрғын үй құрылысына 201,0 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. 6,4 мың м2 құрайтын 1 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Кредиттік тұрғын үйге 945,5 млн. теңге қарастырылды. 5,8 мың. м2 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланса, 19,3 мың м2 құрайтын үш тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, 5 қабатты 65 пәтерлі 1 тұрғын үй 2016 жылға өтпелі.

Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарланған 230,2 мың. м2 толығымен пайдалануға тапсырылды.

Жаңа тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 466,0 млн. теңге бөлініп,  толық игерілді.

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 13,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 6,1%-ға артты, оның ішінде 9,5 млрд. теңге - жеке құрылысшылар қаражаты (оның ішінде 9,2 млрд. теңге халықтың қаражаты), 3,2 млрд. теңге - республикалық бюджет және 447,2 млн. теңге - жергілікті бюджет қаражаттары.

Биылғы жылы Жамбыл облысында 268,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

 

Барлық жаңалықтар