- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Молжігітов: Көпсалалы кәсіпорындар дағдарысқа төтеп бере алады
Р.Молжігітов: Көпсалалы кәсіпорындар дағдарысқа төтеп бере алады
- ҚР Үкіметінде дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда бұл шаралар қаншалықты тиімді болады деп ойлайсыз?
- Дағдарыс аяқ астынан келген жоқ. Біз бұл жағдайға ертерек дайындалдық. Басқа елдердің кәсіпкерлері қиындыққа тап болғанын көріп отырмыз, көпшілігі жасап отырған кәсіптерін жабуға мәжбүр болды. Қазақстанда Ұлт жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл сөзссіз біздің жобаларымызды іске асыруға, тіпті бүгінгі жаһандық нарықтағы жағдайда да бізге үлкен көмегі болады.
- Бүгінгі таңда қазақстандықтар жаңаша шынайы өмір сүруді үйрену керек, деп жиі айтылып жатады. Бұл үшін біздің кәсіпкерлер не істеуі керек деп ойлайсыз?
- Әрине қазақстандықтар, солардың ішінде кәсіпкерлер жаңа геосаяси және экономикалық ахуалдарды ескере отырып, проблемалық жағдайлардан дұрыс жол тауып шыға білулері керек. Менің көзқарасым бойынша болып жатқан түрлі жаңаша ахуалдардың ерекшелігі сол, қоғамның жалпыадамзаттық және гуманитарлық даму қарқыны өзгерді. Біз күні кеше ғана армандап үлгермеген дүниелер іске асып, тіпті үлкен қарқынмен жаңарып жатыр. Технологиялық өрлеудің басты қозғауші күші кәсіпкерлік. Қазақстан жоғары технологиялы өндірістерді құруға талпынып жатыр, бірақ, ғылыми технологияны қолданатын кәсіпорындармен бәсекелесу қиындық тудырады. Болашақта шикізатты инновациялық жолмен терең өңдеу жүйесінің іске қосылатынына көз жеткізуге болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы әрқашан айтып отырады.
-Қазақстанның аймақтарында шағын және орта бизнесті құруға жақсы жағдай жасалған ба, сіз осы пікірмен келісесіз бе? Мемлекеттік органдармен өзара толық түсіністік бар ма?
- Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр болады. Осы уақыт аралығында шағын және орта бизнеске мемлекет пен мемлекеттік органдардың көзқарасы өзгерді. Алғашқы жылдары біз биліктің атрибуттарын енді ғана қалыптастырып, азаматтық қоғам мен демократия туралы айта бастаған кезде әрине, еркін бизнес жүргізуге жағдай болған жоқ. Кәсіпкерлік саланы белгілі бір бағытқа сілтейтін мемлекеттік саяси «Бизнестің жол картасы - 2020» кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл бағдарламаның негізгі тармақтары жай ғана ұран емес, методикалық және жоспарлы түрде экономикалық шынайылықты көрсетеді. Біздің кәсіпорын құқықтық тұрғыда түрлі мемлекеттік органдармен түйісіп отырады. Маған басшы ретінде өзара түсіністік жолдарын табуға тура келеді. Үнемі осы ережемен басқарамын. Әр жеке меншік иелері нарықтық еркіндіктің – бірінші кезекте құқық қана емес, міндет екенін түсінулері керек. Мемлекеттің заңына бағыну арқылы барлық мемлекеттік және қазыналық органдармен өзара тіл табысуға болады.
- Жаһандық дағдарыс жағдайында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесі жиі көтеріледі. Кәсіпкерлер өз жұмысшыларының жұмыс орындарын сақтап қалулары үшін қандай көмек бере алады және бұл үшін билік органдары не істеу керек?
- ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі өте маңызды екенін айтылған. Жұмыс орындарын сақтап қалу ең біріншіден кәсіпкердің өз мүддесі үшін жасалатын шаруа. Жауапкершілігі мол білікті жұмысшылар басшының қос қанаты сияқты, десем артық айтқандығым болмас. Оларсыз кәсібіңді дамытуың мүмкін емес. Сондықтан олардың жұмыс орындарын барынша сақтап қалуға тырысу керек. Соның нәтижесінде кәсіпорынның жұмысы ілгері жылжиды. Айталық, өзіміз де шығын бизнесімізді орта бизнес деңгейіне көтердік. Біз жұмыс орындарын сақтап қана қойған жоқпыз, керісінше қосымша жұмыс орындарын аштық. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқаны өте маңызды деп есептеймін. Сол себепті шағын және орта бизнесті көпсалалы кәсіпорын ретінде дамыту керек. Сонда ғана дағдарысқа төтеп беруге дайын боламыз. Қазір әлемдік экономика билік органдарын шағын және орта бизнес өкілдерімен ашық пікір алмасып, бірлесе жұмыс жүргізуге жұмылдыруда. Өйткені кәсіпкерлер еліміздегі негізгі салық төлеушілер болып есептеледі.
- Сұхбатыңызға рахмет.
Данияр Касымов
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді