ИИДМБ: 2016 жылы Алматы облысында 30,9 млрд теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылады

11 Ақпан, 2016 19:28
2016 жылы ИИДМБ аясында Алматы облысында 30,9 млрд теңгенің 6 жобасын жүзеге асыру жоспарланған, ол 1290 жұмыс орнын ұсынады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында берген есебінде айтты.

Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылы 7,1 млрд теңгенің 4 жобасы жүзеге асырылды, 409 жұмыс орны ашылды. «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС  - фармацевтикалық зауыт құрылысы - «AluminiumofKazakhstan» ЖШС  - Іле ауданында алюмений өндіретін зауыт құрылысы; «Курты» ЖШС – гранит өндіру мен Жамбыл ауданында тас өңдейтін цех құрылысы; «Алакөл» - Көмір» ЖШС Ақкөл ауданында асфальтті бетон шығаратын зауыт.

Индустрияландыру картасы аясында өңірде 6 фармацевтикалық кәсіпорын ашылды: «ЭЛЕАС» ЖШС, «Dolce» ЖШС,«Султан» ЖШС, «Аксель и А» ЖШС, «Келун Казфарм» ЖШС, «СП «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС.

 

Барлық жаңалықтар