• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Калий тұзы мен гербицидтер өндіретін зауыт құрылысына 2 млрд теңге бағытталды

ИИДМБ: Калий тұзы мен гербицидтер өндіретін зауыт құрылысына 2 млрд теңге бағытталды

11 Ақпан, 2016 09:58
Ақмола облысының әкімі Степногорск қаласына барған жұмыс сапарында жаңа нысан - Калий тұзы мен гербицидтер өндіретін зауыт жұмысымен танысты.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, аталмыш жобаның  құны 2 млрд теңгені құрайды, өңірлік индустрияландыру картасына енді. Жоба қуаттылығы – жылына 20 млн литр өнім өндіру. Жаңа мекеменің іске қосылуы 80 степногорлықты жұмыспен қамтиды.

«Астана-Нан» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаевтың  айтуынша, жаңа нысанды осы жылдың 1 сәуірінде іске қосу жоспарланған. Болашақта кәсіпорын 25 өнімді Қазақстанда, 75 пайызды – Кедендік одақ пен Украинаға шығаруды жоспарлап отыр. Өнім шикізаты Еуропа, Қытай мен Қазақстаннан алынды.

Айта кетейік, «Астана-нан» ЖШС негізінде өткен жылы 200 млн теңгенің петицид пен су грануласын өндіретін жоба жүзеге асқан. Кәсіпорын қуаттылығы  12 тонна.Нысанның ашылуы 20 жұмыс орнын ұсынады.

 

Барлық жаңалықтар