Сайлау-2016: Орталық сайлау комиссиясының 20 күндік қорытындысы

10 Ақпан, 2016 21:00
Орталық сайлау комиссиясының Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу шараларына сәйкес, 2016 жылдың 8 ақпанына сәйкес партиялыық тізімді тіркеу аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы мен облыстық сайлау комиссияларының жұмысын Strategy2050.kz АА бақылап отырды.

Енді сайлауалды науқанның екінші кезеңі басталады. Яғни саяси партияларды тіркеу. Бұл жұмыс 19 ақпанға дейін жалғасады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгінге дейін тіркелген партиялардың саны төртеу. Олар - «Нұр Отан», «Ақ жол», «Қазақстан коммунистік халық партиясы» және «Ауыл» партиялары. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» мен «Бірлік» партиясының кандидаттары прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің тексерісінен өтіп жатыр.

«Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдер бойынша 203 адам ұсынылды. Олардың 187-сі немесе 79,9 пайызы ер адамдар, 47-сі немесе 20,1 пайызы әйелдер. Үміткерлер тізімі 10 ұлттан құралған. Олардың 99,6 пайызы жоғары білімді», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.Қуандық Тұрғанқұлов.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, депутаттықтан үміттілердің жалпы саны 4 870 адамға жеткен. Оның 581-і облыстық мәслихаттарға, 21-і Астана, 95 үміткер Алматы қалалық мәслихатының депутаттығынан үмітті. Аудандық мәслихат сайлауына түсуге ниет білдіргендер саны 3 244, қалалық мәслихат депутаттығынан 929 адам дәмелі. Бұл тізімдегілердің 69 пайызы ер, 31 пайызы әйел адамдар. Бүгінге дейін ұсынылған үміткерлер саны 568. Ұсыну 19 ақпанға дейін жалғасып, оларды тіркеу 23 ақпанда тоқтатылады. Мәслихаттар сайлауы 20 наурызда өтіп, оның қорытындысы бойынша 3335 депутат сайланады.  

«Сайлау науқанының басынан бастап ОСК-ға сайлауалды кампания бойынша 25 өтініш түсті. Барлық өтініштің 92 пайызы сайлау кампаниясына қатысты болып келді. Оның ішінде 52 пайызы – Парламент Мәжілісінің  сайлауы мен 48 пайызы мәслихат депутаттарына қатысты болды», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясына 10 өтініш келіп түсті. Оның 9-ы бойынша сайлау заңнамасын түсіндіру қарастырылса, сайлау комиссиясының ұйымдастыру шарасындағы міндеті туралы болды. Барлық өтініш берушілерге Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша жауап берілді.

3 ақпанда ҚР ОСК «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін тіркеді.Мәслихаттар депутаттығына ұсыну белсенді жүріп жатыр. Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша 2016 жылғы 4 ақпандағы таңғы сағ. 10-дағы жағдай бойынша республика бойынша барлығы 2865 кандидат ұсынылды.

Олардың ішінде:облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына  - 324 адам;аудандық мәслихаттарға -  2015 адам;қалалық мәслихаттарға – 526 адам.

 «Біз ұсынған 127 кандидаттың бәрі де депутат болады деген сөз емес. Мүмкіндігінше, Мәжілістегі 98 депутаттық мандаттың басым бөлігіне ие болу үшін, әрине, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз», - дейді А.Мырхзахметов.

Осыған дейін мәлім болғандай, 127 кандидаттың ішінде жеті ұлттың өкілі бар.23 % -дан астамы – әйел адамдар.«Нұр Отан» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардың 60 %-на жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардың ең жасы – 26 жаста.

Партия ұсынған 33 кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Сондай-ақ ғылым, мәдениет және білім беру қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардың, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері ұсынылған.

Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.И. Мырзахметовке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясынан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.

Орталық сайлау комисиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ОСК отырысына қатысқан «Ауыл» ХДПП төрағасы Ә.Бектаевқа Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат куәлігін тапсырды.

Сондай-ақ Ортсайлауком отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға дайындық барысы туралы Астана қалалық сайлау комиссиясының есебі ұсынылды.

Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы И. Жалбыров Ортсайлауком мүшелерін қалада қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 25 сайлау округі, 278 сайлау учаскесі құрылғаны, олардың 213-і қала аумағында және 65-і Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің жанында орналасқаны туралы мәлімдеді.

Астана қаласы бойынша сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді жалпы саны 2149 мүшесі бар 307 сайлау комиссиясы, олардың ішінде 4 аумақтық, 25 округтік және 278 учаскелік комиссиясы жүзеге асырады. Қалалық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларын оқытуды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі, ол үшін семинар, тренинг, кеңестер өткізуден бастап қажетті сайлау құжаттарымен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге дейін, түрлі нысандарды қолдануда.

Белгілі болғандай, ОСК жұмысты кезеңмен жүргізуде. Жұмыстың желісі жайлы www.Strategy2050.kz. біле аласыздар.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар