• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасының Жарлығымен Е.Сағадиев Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

Елбасының Жарлығымен Е.Сағадиев Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

10 Ақпан, 2016 19:34
Елбасының Жарлығымен Е.Сағадиев Білім және ғылым министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Аталып өткендей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.

Барлық жаңалықтар