• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да көктемде ашылатын 2 сүт қабылдау пункті 100 пайыз сүт қабылдауды жүзеге асырады

ШҚО-да көктемде ашылатын 2 сүт қабылдау пункті 100 пайыз сүт қабылдауды жүзеге асырады

10 Ақпан, 2016 19:51
ШҚО-да көктемде ашылатын 2 сүт қабылдау пункті 100 пайыз сүт қабылдауды жүзеге асырады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың Бородулиха ауданына барған сапарында мәлім болды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Аудан әкімі Григорий Акулов өз баяндамасында айтып өткендей, өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылы 30 млрд. теңгені құраған. Егін шаруашылығындағы өнім 11 млрд. теңгеден асып, мал шаруашылығынан түскен түсім 7 млрд. теңгеден асты. Нәтижесінде 2015 жылы орташа айлық жалақы 99634 теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға өскен.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов аудан тұрғындарының позитивті өмір салтына оң бағасын берді. Ол мұның қаншалықты маңызды екенін айтып, Қазақстанның азаматтық қоғамы дамудың жаңа деңгейіне аяқ басқалы отырғанын жеткізді. Қоғамдық кеңестердің құрылуы азаматтық жауапкершілік және билікпен іс-әрекет жасау деңгейін көтереді.

«Биылғы жылы атқаратын шаруалар қыруар, - деді Даниал Ахметов. – Аграрлық секторда әртараптандыруды белсенді түрде жалғастыру қажет. Егін шаруашылығының жанынан мал шаруашылығын жүргізу біз үшін өте тиімді болмақ. Жақын уақытта Қытайдың үлкен нарығы ашылады. Ол үшін біз қазірден бастап дайындалып, жаңа технологияларды енгізуіміз керек.

Аймақ басшысы әртараптандырудың негізгі бағыты ретінде, келешегі зор құс шаруашылығын атап өтті. Оның үстіне әлемде толықтай автоматтандырылған құс фабрикалары бар. Ол үшін кепілді дәнді дақылдар алу мақсатында, суармалы жерлерді дамыту қажет.

Сондай-ақ, облыс әкімі бүгінде 70 пайызға дейін сүт өндіретін, түрлі қосалқы шаруашылықтарды дамытуға ерекше назар аударды. Жеке қосымша шаруашылықтардағы мал табынының тұқымын түрлендіру керек. Бұл табысы жақсы жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Даниал Ахметов жиналғандарға ет, балық және ағашты қайта өңдеу бойынша аймақтық шебер-жоспарының мәнісін түсіндірді. Сондай-ақ, ол білім беру, денсаулық сақтау, жол құрылысы салаларындағы шешуге тиіс тапсырмаларға да тоқталып өтті. Соның ішінде, Бородулиха – Шемонаиха тас жолының жөндеу жұмыстары алдымыздағы жылы іске асады деп жоспарлануда.

Сөз соңында облыс әкімі Бородулиха тұрғындарын Қазақстан халқының игілігіне жасампаз еңбектерін жалғастырып, 20 наурыз күні өтетін депутаттар сайлауына белсене ат салысуға шақырды. Сонымен қатар, Даниал Ахметов бородулихалықтардың сауалдарына жауап беріп, жергілікті тауарлар мен бұйымдар көрмесін аралады. Ал, «Новая Заря» ЖШС-де ол әлемдік деңгейде танымал Де Лаваль фирмасының технологияларымен жабдықталған, 400 сиырға арналған жаңа сүт-тауарлы фермасының жұмысымен танысты.

 

Барлық жаңалықтар