• Басты
  • Жаңалықтар
  • Пытьева: Астананың мәслихатына ұсынылғандар 2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда жас

Пытьева: Астананың мәслихатына ұсынылғандар 2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда жас

10 Ақпан, 2016 16:37
Астана қаласының мәслихатына депутаттыққа үміткерлердің орташа жасы 40 пен 42 жас шамасында. Бұдан 2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда депутаттыққа ұсынылғандардың құрамы жасарып келеді, деп айтуға болады, дейді Астана қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Вера Пытьева ҚР ОСК отырысында.

«Округтік сайлау комиссияларының негізгі жұмысы – мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну мен тіркеу. 9 ақпандағы жағдай бойынша 25 сайлау округіне 27 үміткер ұсынылды. Олардың 18-і ер азаматтар болса, 9-ы әйелдер. Олардың 26-ның жоғары білімі бар. Барлық үміткерлердің орташа жасы 40 пен 42 шамасында. 2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда депутаттыққа ұсынылғандардың құрамы жасарып келеді, деп айтуға болады», - деді В. Пытьева.

Сондай-ақ, ол «ұсынылғандардың ішінде астананың қатардағы мәслихат депутаттары жоқ»,-деді.

Округтік сайлау комиссиялары Конституцияда бекітілген және «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңдарының талаптарына сәйкес ұсынылған үміткерлерді тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, депутаттыққы үміткерлер мен олардың сенімді өкілдерін тіркеу жүзеге асуда. Дәл бүгінгі жағдай бойынша 3 үміткер тіркелген.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар