• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазпочта зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға арналған жаңа қызметті іске қосты

Қазпочта зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға арналған жаңа қызметті іске қосты

10 Ақпан, 2016 19:18
«Қазпочта» АҚ зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға арналған жаңа қызметтің іске қосты, деп хабарлады компания.

«Сенім» қызметінің аясында, зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін карточкалық шот ашқан әрбір жаңа клиент жыл бойы коммуналдық төлемдерді комиссиясыз төлей алады.

Қызмет қолданушысына шот тегін ашылып, карточка үйіне дейін тегін жеткізіледі.

Сонымен қатар, шотты ашу үшін келісім шартты www.kazpost.kz сайтынан жүктеп, қызмет шарттарымен танысып, қол қойып, бөлімшеге дайын күйде алып келуге болады.

«Клиенттің шотына ақша түскен кезде, клиент SMS-хабарлама қабылдап, өзінің қаражатын бақылауға мүмкіндік алады. Карточкадағы ақшаны «Қазпочта» АҚ мен «Казкоммерцбанк» АҚ банкоматтарынан және POS-терминалдардан алғанда комиссия есептелмейді» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінде түсіндірді.

Сонымен қатар, «Қазпочта» АҚ зейнетақы мен жәрдемақыны міндетті санаттағы азаматтарға (ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, 80 жастан асқан зейнеткерлерге және дәрігердің қорытындысы бойынша ауруға шалдыққандарға) үйлеріне дейін тегін жеткізеді, ал басқа азаматтар әрбір жеткізілім үшін 200 теңге төлеп бұл қызметпен қолдана алады.     

Барлық жаңалықтар